Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Айды айнала ұшқан Artemis II экипажы Жерге оралды

Artemis II экипажы. Фото: The Insider
Айды айнала ұшқан Artemis II экипажы Жерге оралып, Тынық мұхитының Калифорниядағы тұсына қонды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Төрт ғарышкер Тынық мұхитының Калифорниядағы тұсына сәтті қонған. Экипаждың төрт мүшесі 11 сәуірде Астана уақытымен 5:08-де Жерге оралған.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Artemis II миссиясының экипажын аман-есен оралуымен құттықтап, «келесі қадам – Марс» деп мәлімдеді.

АҚШ президенті ретінде шексіз мақтан тұтамын. Сіздермен Ақ үйде кездесуді асыға күтемін. Біз мұны тағы қайталаймыз. Ал келесі қадам — Марс, — деген ол.

Artemis II экипажы
Artemis II экипажы. Фото: The Insider

Естеріңізге сала кетейік, NASA ғарыш агенттігінің Artemis II жобасы аясында дайындалған «Орион» зымыраны 1 сәуірде айға аттанған.

Адамзат кейінгі жарты ғасырда алғаш рет айға ұшып отыр. Ғарышкерлер болашақта Айда тұрақты өмір сүру мәселесін зерттеп, бұрын зерттелмеген аймақтарды бақылады.

Бір айта кетерлігі, Artemis II экипажы Айға қонбады. Төрт ғарышкер Айды айналып ұшып, Жерге қайтып келді.