Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы таулары, тұрғын үй, ауа сапасы, ауа райы
Фото: Ерқанат Аманкел/Baribar.kz

Бүгін еліміздің 4 қаласында ауа ластанады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

22 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдай Алматы, Талдықорған, түнде Теміртау, Қарағанды ​​қалаларында болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосферадағы ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram