Не болды?
Кеше, 1 сәуір күні АҚШ-тың Флорида штатындағы уақытпен сағат 18:24-те АҚШ-тың төрт ғарышкері айға ұшып кетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Deutsche Welle басылымының ақпаратына қарғанда, NASA ғарыш агенттігінің Artemis II жобасы аясында дайындалған «Орион» зымыраны әуеге сәтті көтерілген.
АҚШ ғарышкерлері кейінгі жарты ғасырда алғаш рет айға ұшып жатыр. NASA адам басқаратын, Айға ұшатын бұл зымыранды 1972 жылдан бері жасаған. Мақсат — адам жүргізетін зымырандар арқылы Ай мен Марсқа ұшып баруды жүйелеу және соның арқасында алдағы уақытта Марста тіршілік етуге болатын база құрастыру.
Зымыранда төрт ғарышкер бар: Рид Уайсмән, Виктор Гловер, Кристина Кох және Жереми Хәнсен. Жоспар бойынша олар айға қонбайды, 10 күн ішінде Айды айналып ұшып, Жерге қайтып келуге тиіс.
Жоба сәтті аяқталса, бұл адам баласының ғарышта ең ұзақ қашықтыққа ұшқан кезі болмақ.
Контекст
Естеріңізге салайық, қазақ әйел тарихта алғаш рет ғарышқа турист болып ұшып келген еді.
