Алғашқы қазақ әйел. Дана Қарағұсова ғарышқа ұшып келді

Не болды?

Кәсіпкер Дана Қарағұсова ғарышқа турист болып ұшып келді. Бұл туралы ғарықша турист ұшыратын Blue Origin компаниясы хабарлап отыр. Дана Қарағұсова — ғарышқа турист болып ұшқан алғашқы қазақ әйел.

Мәлімет

8 қазанда Blue Origin компаниясы New Shepard зымыраны арқылы 36-рет туристерді ұшырып келді. Экипаж құрамында кәсіпкер Жефф Элгин, кәсіпкер Дана Қарағұсова, инженер Клинт Келли III, стартаптар негізін қалаған Аарон Ниюмән, украин кәсіпкері Виталий Островский және Уилл Люис болған.

New Shepard зымыраны АҚШ-тың Техас штатындағы ғарыш айлағынан ұшырылған. Бұл жолғы сапар 10 минут 21 секундқа созылған.

Компания New Shepard арқылы осымен 80 адамды ғарышқа ұшырып келді.

Дана Қарағұсованың ұлы Айтуар Әлібеков әлеуметтік желіде анасын мақтан тұтатынын жазды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aituar Alibekov (@aituar.alibekov)

Контекст

Естеріңізге салайық, бұған дейін Дана Қарағұсова ғарышқа турист ретінде ұшайын деп жатқанын жазған едік. Кәсіпкер бұл сапары жайлы «ұзақ жылдар бойы талпынып келе жатқан арманыма жақындай түсу» деген.

Дана Қарағұсова деген кім?

Дана Қарағұсова 25 жылдан астам уақыт бойы медиа, дистрибуция және түрлі шараны ұйымдастырумен айналысқан. Ол елдегі медиа және ивент-холдиң First Media Group негізін қалағандардың бірі.

Дана Қарағұсова — экс-депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да