Мемлекеттік кірістер органдарына 2023 жылғы наурыздан бастап соттан тыс банкрот деп тануға 80 мыңнан астам азаматтан өтініш келіп түсті. Оның ішінде 16,7 миллиард теңгеден астам қарызы бар 8 986 азамат банкрот деп танылды.
Өкілетті органдар банкроттыққа өтініш берген азаматтың отбасы мүшелерінің де жеке мүлкі мен табысын тексереді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.