Мазмұнға өту
Басты бет / Әдебиет /

Нобель сыйлығының лауреаты Мо Янь қазақстандық жазушылармен кездесті

Фото: www.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында қытай жазушысы, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Мо Яньның қазақстандық қаламгерлермен кездесуі өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қазақстанға алғаш рет келген жазушы кітапхана қорымен танысып, тарихи және мәдени құндылығы жоғары сирек қолжазбалар мен бірегей құжаттар коллекциясын тамашалады.

Кездесу барысында Мо Яньға ұлттық жәдігерлер, құнды артефактілер және отандық мерзімді баспасөз тарихына қатысты материалдар таныстырылды.

Жазушы әдеби шығармашылығындағы тәжірибесін бөлісіп, адам табиғатын танудағы әдебиеттің рөлі туралы ой қозғады.

Айта кетейік, Мо Яньның Қазақстанға сапары Алматы қаласынан басталды. Мұнда оның қазақ тіліне аударылған «Сарымсақ жыры» романы мен «Халіңіз қалай, Фолкнер ағай?» атты публицистикалық жинағының таныстырылымы өтті.

Сондай-ақ қаламгер Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің стратегиялық серіктестігі аясында жүзеге асырылып жатқан Жас жазушылар әдеби мектебінің қатысушыларына дәріс оқыды.

Мақалаға реакция