Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

ІІМ басшысы Қазақстанды «штрафстан» деп атайтындарға қатысты пікір білдірді

Ержан Сәденов. Фото: Ішкі істер министрлігі

Не болды?

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қазақстанды «штрафстан» деп сынайтындарға жауап берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Министр Polisia.kz порталына берген сұхбатында айыппұлдың негізгі мақсаты азаматтарды жазалау емес, қоғамда тәртіп пен қауіпсіздікті қамту екенін айтты.

Министрдің айтуынша, әкімшілік жаза заң талабын орындап жүрген азаматтарға емес, ережені әдейі бұзатындарға қатысты.

Кей жағдайда адамдар заңсыздыққа барғанын тек қаржылай жауапкершілікке тартылған кезде ғана түсінеді. Кез келген жазалау шарасының түпкі мақсаты – қауіпсіз қоғам құру, – дейді министр.

Сәденов заң бұзған бір адамның әрекеті өзгелерге сабақ болуға тиіс екенін атап өтті. Министрдің пікірінше, азаматтар заң аясында өмір сүрсе өзін еркін сезінеді және қандай да бір жауапкершіліктен қорқудың қажеті жоқ.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстанда «көңіл көтеретін» газ азот оксидінің заңсыз айналымына қарсы күрес күшейді. ІІМ жағдайда қатаң бақылауға алып, рейд жүретінін хабарлады. 

Мақалаға реакция