Елімізде банкрот болғандарға 5 жылға дейін несие берілмейді

Вице-министрдің айтуынша, егер жағдайы қиындай түссе 7 жылдан кейін тағы банкроттыққа өтініш бере алады.

Банкрот мәртебесін алудың салдарына тоқталсам. Жеке тұлғаға 5 жылға дейін несие беру шектеледі. Азамат араға 7 жыл салып банкроттыққа қайта жүгіне алады. Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде ол азаматтың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделген. Сол себепті азамат өзін банкрот деп жариялаудан бұрын ықтимал салдары мен шектеулер туралы ойлануы қажет, — деді Ержан Біржанов сенат қабырғасында өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, сот банкроттық рәсімін қаржы басқарушылары арқылы жүзеге асырады. Яғни, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң консультанттары және аудиторлар.

Негізгі заң жобасынан бөлек, 4 кодекс пен 12 заң бойынша өзгертулерді көздейтін ілеспе заң жобасы мен «ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Жалпы, аталған заңды іске асыру азаматтардың борыштық жүктемесін азайтуға, әлеуметтік шиеленісті жеңілдетіп, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталады. Сонымен қатар қарызды банкроттықтан кейін бірқатар шектеу азаматтардың қарызын өтеуге ынталандырады деген үміттенеміз, — дейді ол.