Жеке адамдардың банкроттығы: наурызда өтініштер қабылданады

Ержан Біржановтың айтуынша, қазір 1 миллион 180 мың адамның қарызы бар. Олардың қарыз сомасы 1 триллион 100 миллиард теңгеге жеткен. Банкрот деп танылған адамдар бес жыл несие ала алмайды. Сонымен бірге жеті жыл ішінде өзін қайтадан банкрот деп жариялай алмайды.

Жаңа ақпараттық жүйе құрылып, оны мемлекеттік органдардың жүйесіне қостық. Қарызы барлар 2023 жылғы 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады, — деді Ержан Біржанов.

Сот арқылы банкроттық рәсімі қарыз 5,5 миллион теңгеден асқанда іске қосылады.