Былтыр 8,3 мың қазақстандық банкрот деп жарияланды

Былтырдан бастап қазақстандықтарға өзін банкрот деп жариялауға заңды рұқсат берілді. 2023 жылы 8,3 мың қазақстандық «банкрот» статусын алды.

Бұл туралы бірінші кредит бюросы хабарлады.

2023 жылғы наурызда жеке тұлғалардан сотсыз банкрот деп жариялауға өтініш қабылдана бастады. Жыл соңына дейін 77 мың өтініш түскен, оның ішінде 62 мың өтініш кері қайтарылды. 8,3 мың қазақстандық банкрот статусын алды. Қарыздың негізгі көрсеткіш сомасы — 962 мың теңге, орташа сома — 1,6 миллион теңге, минималды сома — 2 978 теңге, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2023 жылғы 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды.