Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% төмендеді. Бұл туралы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу мәселелері бойынша кеңесте айтылды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баға жағдайын қадағалау, COVID-19-ға ПТР-тестілеуді өткізу және зертханалық қызметтер нарығында шаралар қабылдау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.