Басты бет / Жаңалықтар /
Азық-түлік, алма, көкөніс
Фото: Ерқанат Аманкел

СҚО-да азық-түлік бағасын көтерген 20 кәсіпкерге айыппұл салынды

Не болды?

Солтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасын көтерген 20 кәсіпкерге айыппұл салынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысындағы 20-ға жуық кәсіпкер азық-түлікті шекті бағасынан жоғары сомаға сатқан. Жалпы айыппұл көлемі — 1,5 миллион теңге.

Кейбір саудагерлер бағаны шекті үстемеақыдан 50% көп мөлшерде қойған. Бұл әрекет мемлекеттік кірістер департаментінің электрон шот-фактураларды талдау нәтижесінде анықталды. Ең көп қымбат сатылған өнімдер — картоп, сәбіз, күріш, алма және өзге де әлеуметтік маңызы бар азық-түлік.

Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті кәсіпкерлерге заң талабын қатаң сақтау қажет екенін ескертті.

Анықтама

Шот-фактура – сатушының тауар сатқанын растайтын, сатылған тауардың құны мен салық мөлшерін (ҚҚС) көрсететін құжат.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр картоп бағасын өсіргендерге 2,6 миллион теңгеден астам айыппұл салынған еді.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok