Не болды?
Елімізде балмұздақ бағасы 20% өсті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Еnergyprom.kz порталының мәліметіне қарағанда, биылғы қаңтар-сәуір аралығында ең жоғары балмұздақ бағасы Ақмола облысында тіркелген. Бұл аймақта балмұздақ 34,4% қымбаттаған.
Тағы қай қалада балмұздақ қымбаттаған?
Балмұздақ бағасы:
- Маңғыстау облысында — 33,1%;
- Түскістан облысында — 32,9%;
- Ұлытау облысында 30,6% өскен.
Бір қызығы, Солтүстік Қазақстанда балмұздақ бағасы 1,5% ғана өскен.
Орташа республикалық деңгейден жоғары балмұздақ өсімі:
- Қостанай облысында — 121,2%;
- Қарағанды облысында — 121,9%; Павлодар обылсында — 122,6%;
- Алматыда — 123,9%.
Контекст
Естеріңізге салайық, қаңтар–наурыз айларында еліміздегі балмұздақ өндірісі 58,6% өсіп, 14 566 тоннаға жеткен.
