Елімізде бірқатар демалыс орнының бағасы өскен

Не болды?

Қазақстанда 2026 жылғы наурыздағы есеп бойынша, демалыс орындарының бағасы 13,2% өскен. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Energyprom порталының мәліметіне қарағанда, кейінгі 10 жылда ішкі туристер саны үш есе артты. Былтырғы көрсеткіш бойынша, ішкі туристер саны 11% өсіп, 8,7 миллион адамға жеткен. Демек Қазақстанда саяхаттау үрдісі маусымға қарамастан, тұрақты қалыптасып келеді.

2026 жылғы наурыздағы есеп бойынша демалыс орындарының бағасы 13,2% өскен. Салыстырмалы түрде осы кезеңдегі жалпы инфляция — 11% болса, ақылы қызмет саласында баға өсімі — 10%.

Қандай демалыс орындарының бағасы өскен?

  • Бассейн абонементі 15,8% артқан;
  • кинотеатр билетінің бағасы – 17,5% өскен;
  • театр қызметі – 41,1%-ға қымбаттаған;
  • қонақүй қызметі – 9,5% артқан.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыда қараусыз қалған нысандарда жаңа демалыс орындары пайда болған еді.