Басты бет / Жаңалықтар /
Полиция қызметкері, полицей, жол ережесі, көлік
Фото: Ерқанат Аманкел

Алматы – Өскемен тас жолында 5 адам қаза болды

Не болды?

Алматы – Өскемен тас жолында жол апатынан бес адам қаза болып, екі адам жарақаттанды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

26 маусым күні кешке  Жетісу облысындағы Алматы – Өскемен тасжолында ірі жол апатынан бес адам қаза болды. Оның екеуі — жүргізуші, үшеуі — жолаушы. Тағы екі адам жарақаттанып, ауруханаға түсті. Екі көлік соқтығысқан жол апаты Алматы – Өскемен автожолының 432-шақырымында болған. Қазір сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматы соты Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысы бар айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram