Не болды?
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасының өскенін жоққа шығарды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарындағы елімізде дәрі бағасы өсіп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Дәрі бағасының 52%-дан 66%-ға дейін өскені де жалған ақпарат. Дәріханада сатылып жатқан 4994 дәрінің шекті бағасы белгіленген.
Статистика бойынша, 2026 жылғы наурызда былтырғы маусыммен салыстырғанда 631 дәрінің бағасы шамамен 24,6% төмендеген. Мысалы, 2025 жылы 20 таблеткалы парацетамолдың бағасы 200 теңге болса, биыл 188 теңгеден сатылып жатыр, — делінген хабарламада.
ТМККК мен МӘМС жобасы бойынша 3000-нан астам дәріге ҚҚС (қосымша құн салығынан) қосылмайды.
Контекст
Естеріңізге салайық, сәуірде психоактивті дәрілерді заңсыз сатқан қылмыскерлер ұсталған еді.
