Не болды?
Астанадағы базарларда саудагерлер азық-түлік бағасын қолдан көтеріп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр
Мәлімет
Астана әкімдігінің мәліметінше, азық-түлік бағасын қолдан көтерген 80-нен астам іс тіркелген. Астанада саудагерлер 24 мың тонна өнім жеткізуге келісім жасаған. Қазір 190-нан астам сауда нысанында азық-түлік сатылып жатыр.
Астананың әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жыл басынан бері 15 заңсыз сауда нысанын анықтаған. Әкімдік былтыр 225 заңсыз сауда нысанының жұмысын тоқтатқан еді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматыдағы базарларда азық-түлік бағасы тексерілген еді
