Вице-министр елдегі баға айрымасына менталитет себеп дейді

Не болды?

Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков еліміздегі баға айырмашылығына Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігіндегі саудагерлердің менталитеті әсер етеді дейді.

Мәлімет

Үкімет отырысынан кейінгі брифиңде журналист сауалына жауап берген вице-министр Астана мен Шымкенттегі баға айырмасын ерекше мысалмен түсіндірді.

Астана мен Алматыда баға айырмасы бар. Шымкенттегі бағаны көрсеңіз тіпті таң қаласыз. Мысалы ол жақта апельсин мен мандарин арзан, өйткені күн жылы. Оларды Астанаға жеткізу шығыны былай тұрсын, тауарды сақтауға да ақша кетеді. Күн суық, — дейді вице-министр.

Оның айтуынша, екі қаланың менталитеті әртүрлі болғандықтан, баға да әртүрлі.

Оңтүстікте саудагерлердің менталитеті Астанаға қарағанда басқаша. Базарда сауда жасайтындардың менталитеті бөлек. Оңтүстікте халық көп тұратындықтан, маржа аз қосылады. Ал мұнда маржа көп болғасын азық-түлік қымбат, – деді Айдар Әбілдабеков.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да