Қарашада азық-түлік бағасы 0,9% өсті

Бір айда (2021 жылғы қараша 2021 жылғы қазанға) баға азық-түлік тауарларына – 0,9, азық-түлік емес тауарларына – 1, ақылы қызметтерге 0,3% жоғарылады. Бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге – 8,3, жұмыртқаға – 2,1, ұнға – 1,5, шошқа етіне – 1,1, пастерленген сүтке, жармаларға, макарон өнімдеріне – 1, тоқаш және ұн өнімдеріне – 0,9, нанға, құмшекерге, шұжық өнімдеріне, жылқы етіне – 0,8, құс етіне 0,7% байқалды. Темекі өнімдері – 1, алкогольді сусындар 0,5% өсті. Бағаның төмендеуі картопқа – 1,4, жаңа жиналған жемістерге 0,6% тіркелді, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, баға дизель отынына – 14,6, баллондағы сұйытылған газға – 13,6, тас көмірге – 3,7, бензинге 2,4% өсті. Баға өсімі тоқыма бұйымдарына – 0,9, фармацевтикалық өнімдерге 0,7% құрады.

Тұрғын үйді жалға беру үшін төлем 1,4% өсті. Баға деңгейі мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 0,7, денсаулық сақтау қызметтеріне 0,4% жоғарылады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға – 3,5, қоқыс шығаруға – 1,3, электр энергиясына 0,5%, ал орталықтан жылытуға 1,3% төмендеді.