Не болды?
Көмір бағасын көтергені үшін «Қаражыраға» 87,4 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Бәсекелектікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қаражыра» компаниясы халыққа тым жоғары бағада көмір сатқан. Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған аудандық соты әкімшілік іс қозғап, компанияға айыппұл салды.
Жалпы санкция сомасы — 87,4 млн теңге. Оның ішінде 52,4 млн теңге айыппұл, 35 млн теңге монополиялық табыс тәркіленді, — делінген хабарламада.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қазақстан әлемдегі көмір қоры бойынша үздік ондықта тұр және қазіргі өндіріс деңгейі сақталған жағдайда қор 300 жылдан астам уақытқа жетеді.
