Қазақстанда 1 грамм алтынның бағасы қанша?

Не болды?

Елімізде алтын бағасы кейінгі аптада өсті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ұлттық банк мәліметіне қарағанда, Қазақстанда 16 сәуір күнгі бір грамм алтынның бағасы 73 133,53 теңге болды. Бір апта бұрын оның бағасы 69 306,80 теңге еді.

Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғаннан бері алтын бағасы құбылып, күн сайын қымбаттап бара жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, 2025 жылы Қазақстан халық банк пен жеке айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 1,1 тонна болатын 40 мың алтын құйма сатып алды.