Премьер-министр құрылыс материалдарының бағасын түсіруге қатысты тапсырма берді

Индустрия министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен, «Бәйтерек» холдингімен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және әкімдермен бірлесіп бір ай ішінде құрылыс индустриясы жобаларын іске асыру бойынша 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірлесін, — деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Индустрия министрлігіне «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, нарықта делдалдардың жұмысына жол бермеу және құрылыс материалдарының бағасын түсіру үшін 2022 жылғы 1 наурызға дейін «Маркетплейс» онлайн алаңын пайдалануға енгізу жүктелді.

Индустрия министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігімен және әкімдіктермен бірлесіп, құрылыс материалдары бағасын негізсіз өсіру фактілері бойынша уақтылы шаралар қабылдап, үнемі бақылауды қамтамасыз етсін, — деді Үкімет басшысы.