Универсиада: Галина Вишневская алтын алды
Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын түсті. Бұл жолы биатлоншы Галина Вишневская үздік шықты.
2041 материал
Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын түсті. Бұл жолы биатлоншы Галина Вишневская үздік шықты.
Қытайдың "Singer" жобасына қатысып жатқан Димаш Құдайбергенов Джеки Чанмен кездесті. Қазақстандық әнші атақты актерге домбыра сыйға тартып, "Әлқисса" күйін орындап берген.
ПАММ-шот деген не және қаражатты оған инвестициялаудың қандай пайдасы бар?
Универсиадада ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламадағы жарыс аяқталды. Денис Тен 266.97 ұпай жинап, Универсиада алтынын олжалады.
Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 жарысындағы мәнерлеп сырғанаушылардың қысқа бағдарлама бойынша сайысының нәтижесі шықты.
Ыстық тағам ішерде адам аузы күймес үшін міндетті немесе автоматты түрде асын үрлеп ішеді. Алайда бұның адам ағзасына өте зиянды екенін біреу білсе, біреу мүлде хабарсыз.
Фристайлшы Дмитрий Рейхерд Қазақстанға Универсиаданың сегізінші алтын медалін алып берді.
Универсиаданың төртінші күні еліміз үшін сәтті болды. Қазақстан қоржыны 4 алтын, 2 қола жүлдемен толығып, барлығы 15 медальмен жалпы командалық есепте екінші орынға көтерілді.
Алматыда өтіп жатқан Дүниежүзілік 28-ші қысқы Универсиада ойындарының төртінші жарыс күні қоржынға бірден төрт алтын түсті.
Бүгін Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 додасының төртінші күні. Ерлер арасындағы шаңғы жарысы бойынша 10 км спринтте Еремин Роман қола жүлде еншіледі.
Алматыда өтіп жатқан 28-Универсиада кезінде Қазақстанның қоржынына бесінші алтын түсті. Фристайл могул спорты бойынша Дмитрий Рейхард алтын алса, екінші спортшымыз Павел Колмаков қола жүлдені еншіледі.
Алматыдағы дүниежүзілік 28-ші қысқы Универсиада ойындарының төртінші жарыс күнінде қоржынға үшінші алтын түсті.
Универсиаданың төртінші күнінде барлығы 11 жүлде сарапқа салынады. Бүгін еліміз биатлоншылар мен могулшы фристайлшылардан зор үміт күтеді.
Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиаданың үшінші күні, 1 ақпанда өтетін спорттық ойындардың бағдарламасын назарларыңызға ұсынамыз.
Бүгін Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарының екінші ресми жарыс күні аяқталды. Қазақстан спортшыларының жүлдесі екі алтын, бір күміс және екі қоламен толықты.
XXVIII Дүниежүзілік Универсиада кезінде Қазақтан қоржынына екінші алтын жүлде салынды. Қазақстандық фристайлшылар Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек командалық жарыста топ жарды.
Алматыда бүгін Универсиаданың екінші күні өтіп жатыр. XXVIII Дүниежүзілік Универсиада кезінде Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды Алина Райкова салды.
Қазақстандық спортшы Анна Шевченко Универсиадада екінші рет медаль алды.
Әйелдердің ауадағы акробатикасы фристайл мәнерінде Қазақстанның қоржынына бір күміс, бір қола - екі медаль түсті.
Шаңғы спортынан ел намысын қорғаған Анна Шевченко ел қоржынына тұңғыш жүлде - қола медалін салды.