ПАММ-шот — инвестицияңызға қызмет етуге әзір

Жинаған ақшаны болашақта әйтеуір бір керегі болар деп сақтап жүрудің орнына бұдан да тиімдірек әдіспен, қосымша табыс әкелуі үшін қолдануға болатынын білетін боларсыз. Алайда бұл үшін ештеңе істемеуге болатынын білетін бе едіңіз? Бұл жерде әңгіме бәріне белгілі және мөлшерлемесі инфляцияны жаппайтын банк депозиттері туралы емес. Міне, 9 жылдай уақыттан бері қаржы нарығында өз тиімділігін растаған инвестициялық өнім жұмыс істеп келеді. Оның атауы – ПАММ-шоттар сервисі. Біз оның осынша танымал болуының сыры неде екенін және ақша салудың бұл әдісінің кез келген қарапайым салымшы үшін қолайлы болуының себебін түсінуге тырыстық.

ПАММ деген не және ол қалай жұмыс істейді

ПАММ-шоттар сервисін 2008 жылы Альпари компаниясы әзірлеп, нарыққа шығарды. Қазіргі күні сервистің сауда айналымы $157 миллиардты құрайды, ал басқарушылар саны жөнінен Ресей мен ТМД елдерінде көш бастап тұр. ПАММ-шоттарды жасап шығарғаны үшін Альпари капиталды басқаруға арналған үздік бағдарламалар қатарына еніп, инвестициялық сервистерді дамытуға қосқан үлесі және басқа да жетістіктері үшін көптеген халықаралық қаржы жүлделерімен марапатталды. Қазіргі уақыттағы барлық дерлік ең ірі форекс-компаниялардың инвестициялаудың мұндай түрі бойынша өз баламаларын ұсынып отырғанына қарамастан, тәуелсіз аудиторлық тексеру нәтижелері тек Альпариді қарастырады.

Сервистің жұмыс істеу тәртібі оңай: инвесторлар қаржы нарығындағы мәмілелерден пайда табады, алайда бұл үшін оларға өз бетімен сауда жүргізудің қажеті жоқ. Қаржысын тәжірибелі трейдерлердің басқаруына берсе жеткілікті. Басқарушылар өз кезегінде табысты мәмілелерді жүзеге асырғаны үшін сыйақы алады. Инвесторға тек шоттарды басқарудың келесі әдістерінің ішінен өзіне қолайлысын таңдау керек: агрессиялық (табысы жоғары, бірақ тәуекелі де үлкен) немесе дәстүрлі (басымдық тәуекелдерді барынша төмендетуге беріледі). Мұны Альпари сайтындағы ПАММ-шоттардың толыққанды ақпарат ұсынатын рейтингінің көмегімен орындауға болады. Ол жерде табыстылық кестесі, ПАММ-шоттар жасы, оның тиімділігі секілді басқарушыны таңдау үшін қажет барлық мәлімет бар. Инвесторлардан бөлек басқарушының да шотқа өз қаражатын салатынын атай кету керек: осылайша Альпари компаниясы клиенттеріне оның іс-әрекетінің ойластырып жасалатынына кепілдік береді.

Ғажап мүмкіндіктер

Қаржы нарықтарында тәжірибесі бар трейдерлерге ақшаны берудің көзге көрінерлік артықшылықтарынан бөлек ПАММ-шоттар өзге дәстүрлі құралдардан әкелетін табысының жоғары болуымен де ерекшеленеді. Мұның себебі мынау: бұл инвестициялық құрал бойынша табыс деңгейінде ешқандай шектеу жоқ. Мәселен, шартты түрде алғандағы әлдебір валютаның 30 бірліктен 60 бірлікке дейін ауытқуы осы шартты валютаны дәл уақытында сатып алып, кейін сатып жібергендер үшін 100% табыс әкелуді білдіреді. Қазіргі тұрақсыздық заманында мұндай оқиғалар жиі кездеседі.

Көп адамның ПАММ-шоттар сервисін таңдауына себеп болған тағы бір жайт – қаржыны толық басқару мүмкіндігі. Ақшаны құю және шығаруды Альпари сайтындағы жеке кабинеттің көмегімен тек инвестор ғана жүзеге асыра алады. Бір айта кетерлігі, мұны комиссиясыз банк аударымдары, пластик карталарға аудару, интернет-банктер, электронды аударымдар және төлем терминалдары секілді әдістердің бірі арқылы жасауға болады. Сондай-ақ Альпари өз клиенттерін СМС-растау жүйесі және автоақпараттандыру көмегімен қаржыны заңсыз шешіп алудан қорғайды.

ПАММ-шоттардың банк депозиттерінің тамаша баламасы екенін сеніммен айтуға болады. Бұл әсіресе инвестициялаудың осы бір заманауи әдісінің дәстүрлі табысы аз салымдармен салыстырғандағы артықшылығын көрсететін көптеген факторларды ескергенде ерекше өзектілікке ие. Альпари компаниясынан ПАММ-шоттарға инвестиция салу туралы тегін кеңес алыңыз, сонда сіздің ақшаңыз сіз үшін жұмыс істей бастайды!