Каспий жағалауынан тағы 20 өлі итбалық табылды. Экологтар су сынамаларын зерттеуге алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Маңғыстау облыстық экология департаментінің мәліметінше, 1 маусым күні Түпқараған ауданы жағалауынан тағы 20 өлі итбалықтың денесі анықталған.
Тұщыландыру зауытынан Баутино ауылындағы «KCA» жағалауына дейінгі аумақта 20 итбалықтың және бекіре тұқымдас сегіз балықтың өлексесі табылды, – делінген хабарламада.
2 маусымда зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченко қаласының теңіз жағалауынан су сынамаларын алды.
Зерттеу нәтижелері кейінірек жарияланады.
