Универсиада-2017: Роман Еремин қола медаль алды

Ерлер арасындағы 10 км спринтте алтын жүлдеге ресейлік спортшы Сучилов Семен (27.02.3) ие болды. Сондай-ақ күміс жүлде де ресейліктер еншісінде. Дмитрий Иванов жарысты 27.24.1 уақытта аяқтаса, қазақстандық Роман Еремин небәрі 5 доли секундқа кешігіп келіп (27.24.6) қола жүлдені місе тұтты.

Айта кетейік, бүгінгі күні қазақстандық спортшылар үш алтын, екі қола жүлде еншіледі. Қазіргі уақытта 13 медаль бар: 5 алтын, 2 күміс, 6 қола. Жалпы командалық есеп бойынша рейтингте екінші орындамыз.