Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда велосипедші зейнеткер әйелді қағып, қашып кеткен

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Алматыда велосипедші зейнеткер әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір полиция күдіктіні іздестіріп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оқиға 1 маусым күні қаладағы сауда орталықтарының бірінің маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, велосипедші жаяу жүргіншіні қағып кеткеннен кейін тоқтамай, оқиға орнынан бой тасалаған.

Зардап шеккен зейнеткер әйелге алғашқы медициналық көмекті сол маңнан өтіп бара жатқан азаматтар көрсеткен.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы | Almaty (@almaty_city)

Қазір оқиға орнынан бой тасалаған адамның жеке басын анықтау және оны ұстау шаралары қабылданып жатыр. Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті анықталғаннан кейін оның әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккен әйелдің денсаулық жағдайы нақтыланып жатыр.