Алина Райкова 15 км қашықтықта әйелдер арасындағы жарыста мәреге бірінші болып жетті. Күміс жүлде де қазастандық спортшы Галина Вишневскаяға бұйырды. Ол әлемдік рейтингте 14-орында тұр. Ал қола жүлдені Надя Белкина еншіледі. Ол біздің отандасымыздан 2:23.6 уақыт қалып қойды.

Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында жеті медаль бар. Әзірге бір алтын (Алина Райкова), екі күміс (Галина Вишневская, Жібек Арапбаева), төрт қола (Анна Шевченкода екеу, Жанбота Алдабергенова, Екатерина Айдарова).