Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Бүгін еліміздің 4 қаласында ауа сапасы төмендейді

Фото: Нұрназар Әмзе
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

3 маусымда түнде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында болуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.