Универсиада-2017: Қазақстан еншісінде тағы екі медаль

Арапбаева Жібек 60,84 ұпаймен ел қоржынына тұңғыш күміс жүлдені салды. Ал, 60,48 ұпай жинаған Алдабергенова Жанбота қола медаль алды. 

Алтын медаль 64,09 ұпай жиған қытайлық Чжу Ининге бұйрды.

Айта кетейік, еліміздің қоржынына бүгін 3 медаль түсті. Оның біреуі күміс, екеуі қола. Медаль саны жағынан Қазақстан әзірге 4-орында тұр. Тізімді 3 алтын, 3 күміс, 1 қоламен Ресей спортшылары бастады.