Ыстық тағамды неге үрлеп ішуге болмайды?

Біздің ағзамызда көптеген пайдалы бактериялар өмір сүреді. Солардың бірқатары адамның жұтқыншағында, яғни тамағында шоғырланған. Адам үрлегенде сол бактериялар деммен бірге ыстық асқа түседі. Ыстық бумен араласқандықтан, пайдалы бактериялар зияндыға айналып, тамақпен бірге асқазанға қайта түседі. Ол гастрит, ойық жара (язва) тәрізді асқазан ауруларының пайда болуына әсер етеді. Сондай-ақ ас қорыту жүйелерінің зақымдануына себепкер болады.

Ислам ғалымдары да ыстық асты үрлеудің зиян екендігін ежелден айтып келеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) адамдарға ыдыстың ішіне дем алуға немесе үрлеуге тыйым салған. Ал бүгінде бұл тыйымдар ғылыми дәлелін тауып отыр.

Сондай-ақ ежелгі Қытай медицинасында да ыстық асқа қатысты ережелер көптеп келтірілген. Солардың бірі «Ян шэн чжи» (Тамақтану жайлы жазбалар) кітабында «Ас тісті ауыртарлықтай салқын болмауы керек, ол ішекті зақымдайды. Ыстық ас ерін күйдірмеуі керек, ол сүйекті зақымдайды» делінген.