Универсиада-2017: Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша бірінші орынды иеленді

Қысқа бағдарламада қазақстандық Денис Тен 94.91 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орында — 89.05 ұпаймен Жапониядан қатысып жатқан Кейдзи Танака тұр, ал үшінші орынды 87.18 ұпай жинаған ресейлік Артур Дмитриев жеңіп алды.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардан 68.25 ұпай жинаған Абзал Рақымғалиев квалификациядан өтті. Артур Панихинге квалификациядан өту үшін ұпай жетіспей қалды.

ДереккөзInform.kz