Дмитрий Рейхард Универсиаданың бесінші алтынын алды

Бүгін Универсиаданың төртінші күні. Қазақстан қоржыны бүгінгі күні үш алтын, бір қола жүлдемен толықты.

Фристайл могул спортынан Дмитрий Рейхард алтын жүлдені иеленсе (20.90), екінші орынды ресейлік спортшы Сергей Шимбуев (20.73) алды. Сондай-ақ қазақстандық спортшы Павел Колмаков қола жүлдені иеленіп (21.78), ел қоржынындағы жүлделер санын 12-ге арттырды.

Айта кетейік, жарыстың төртінші күнінде Қазақстандық спортшылар үш алтын, бір қола жүлде еншіледі. Қазіргі уақытта 12 медаль бар: 5 алтын, 2 күміс, 5 қола. Жалпы командалық есеп бойынша рейтингте екінші орындамыз.