Универсиада-2017: Анна Шевченко екінші рет медаль алды

Қыздар арасындағы 5 шақырымға із қуып жарысудан отандасымыз Анна Шевченко қола медальді жеңіп алды.

Алтын мен күміс ресейлік  Анна Нечаевская мен Лилия Васильеваға бұйырды.

Бұл Анна Шевченконың Универсиададағы екінші медалі. Бұған дейін ол әйелдердің 5 шақырымдық жеке классикасында тағы сол ресейлік Лилия Васильева мен Анна Нечаевскаяға есе жіберіп, үшінші орынға тұрақтаған еді.

Айта кетейік, 23 жасар Анна Шевченко Павлодар облысының тумасы. Қазіргі уақытта Қазақ Спорт және туризм академиясының магистранты.