Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді
Сейсмикалық стансалар желісі 21 мамырда Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 430 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Сейсмикалық стансалар желісі 21 мамырда Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 430 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Италия премьер-министрі Джорджи Мелонидің Астанаға бұрын жарияланған жұмыс сапары болмайды. Бұл туралы ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римдегі турнирдің жеңімпазы атанды.
Астана мен Ташкент арасында тағы бір ұшақ қатынайды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Алматыда іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылында 40 жастан асқан ер азаматтар арасында футболдан жарыс өтті. Оған Райымбек, Ұйғыр және Панфилов аудандарынан келген 8 команда қатысты.
Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы ұшу рейстері жиілейді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс жоспары жарияланды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің финалына шықты.
Hyundai Trans Almaty (HTA) коммерциялық жабдықтар зауытында автомобиль өнеркәсібіне қажет инженерлік-техникалық кадр дайындайтын Қазақстан-Қытай оқу орталығы (академия) ашылады.…
Үш жаңа облыстың құрылуына байланысты Қазақстанның жаңа картасы әзірленді.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 20-22 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.
Келесі аптада Алматы мен Алматы облысының бірнеше тұрғын алабы суық судан ажыратылады. Бұл туралы "Алматы су" МКК хабарлады.
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотында қаңтар оқиғасына қатысқан 25 азаматқа сот үкімі шықты.
Fly Arystan әуе компаниясы 23 мамырдан бастап Қазақстан мен Түркия астаналары арасында рейстерді іске қосады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласындағы бас консулдықты салтанатты түрде ашты.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия-Қытай» саммитінде аймақ елдерін «Қорғас» халықаралық сауда хабының мүмкіндіктерін бірлесіп пайдалануға шақырды.
Алматы облысының жедел жәрдем станциясының мамандырылған реанимациялық бригадасының фельдшері Өміржан Қуаныш, аталмыш салаға соңғы 9 жылын арнаған. Оның айтуынша, мамандыққа жауапкершілікпен қарау керек. Өйткені адам тағдырына қатысты шешуші сәтте әр минут санаулы, әр секунд қымбат.
16 мамырда негізгі ҰБТ-2023 басталды, ол 5 шілдеге дейін жалғасады. 166 мың талапкер екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мың өтініш берген.
Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Биыл Алматы облысында 12 мыңнан астам түлек мектеп қабырғасынан қанат қағады. Оның ішінде 696-ы Алтын белгіге, 1 419-ы үздік аттестатқа үміткер.