Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді

Сейсмикалық стансалар желісі 21 мамырда Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 430 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді.

Бұл туралы «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС хабарлады.

Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 9 сағат 06 минут 33 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6. Магнитудасы — 4.2. Тереңдігі — 20 километр. Байқағыштық туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ, — делінген хабарламада.