Басты бетЖаңалықтарҚазақ-қытай шекарасында...

Қазақ-қытай шекарасында екінші құрғақ порт салынады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия-Қытай» саммитінде аймақ елдерін «Қорғас» халықаралық сауда хабының мүмкіндіктерін бірлесіп пайдалануға шақырды.

Бұл жерде сауда номенклатурасын эспортты ұлғайту арқылы кеңейту маңызды. Мысалы, Қазақстан Қытайға өз экспортын 135 шикізат емес тауар жайғасымы бойынша өсіре алады. Кейінгі айда пандемия кезіндегі үшжылдық тоқыраудан кейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» халықарлық сауда орталығының жұмысы қайта жанданды. Орталық Азия елдерінің бәрін, әсіресе, Қытаймен ортақ шекарасы жоқ көршілерімізді маңызды сауда-логистикалық хабтың әлеуетін бірлесіп пайдалануға шақырамын, — деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы саладағы сәтті тәжірибе әрі қарай кеңейетінін айтып өтті.

Біздің жоспарымызда қытайлық инвестициялық әріптестермен бірге шекарада қордаланған тәжірибені ескере отырып, жаңа сапаға негізделген екінші құрғақ порт салу жобасы бар, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.