Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысының...

Мемлекет басшысының осы аптадағы жұмыс жоспары жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс жоспары жарияланды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі.

Сонымен қатар дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Мемлекет басшысы 25 мамыр күні жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.