Италия премьер-министрі Джорджи Мелони Астанаға келмейтін болды

Италия премьер-министрі Джорджи Мелонидің Астанаға бұрын жарияланған жұмыс сапары болмайды. Бұл туралы ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Италия премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады.

Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды. Осы себепке байланысты Италия үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды, — деп жазды Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі ресми парақшасына.

Италия тарапы президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұраған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

БҚО-да тұрғын үйлер құрылысына және пәтерлер сатып алуға 11,3 млрд теңге бөлінді

Президент өз жолдауында тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керектігін айтқан болатын. Бұл өңірдегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда облыс бойынша үй алу кезегіне 32 мың азамат тіркелген.

Абай облысында төрт күн бұрын басталған өрт сөндірілді

Абай облысында төрт күн бұрын басталған ормандағы өрт сөндірілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус пандемиясының аяқталуына байланысты Қазақстандағы барлық шектеу алынды

COVID-19 пандемиясының аяқталуына байланысты елдегі барлық карантиндік шектеу алынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елімізде алдағы үш күнде күн құбылмалы болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 30 мамыр мен 1 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады. 

Қазақстанда 38 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 27-29 мамыр аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына гүл қою рәсімі өтеді

Алматылықтар үшін 31 мамыр күні  еске алу орындарына баратындарға көліктер ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.