Басты бет / Қоғам /
8c5bc6ef87523f95bb0b5964a69f19de Еңбекшіқазақ ауданында 40 жастан асқан ер азаматтар арасында футболдан жарыс өтті

Еңбекшіқазақ ауданында 40 жастан асқан ер азаматтар арасында футболдан жарыс өтті

Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылында 40 жастан асқан ер азаматтар арасында футболдан жарыс өтті. Оған Райымбек, Ұйғыр және Панфилов аудандарынан келген 8 команда қатысты.

Аталған жарыс елімізде тұңғыш рет өткен Әкелер күніне арналды. Қатысушылар жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттады. Спорт денсаулық кепілі екенін балаларына қимыл-қозғалыстары арқылы білдірді. Жас жеткіншектер үлкендердің доп тепкенін қызыға тамашалады. Мереке бәріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жарыс қорытындысы бойынша Панфилов ауданының командасы топ жарды. Екінші орын шонжылықтарға бұйырды. Ал Еңбекшіқазақ ауданының «Ташкенсаз» командасы үшінші орынды иеленді.

Естеріңізсе сала кетейік, биылдан бастап маусымның үшіншісі жексенбісі Үкімет қаулысымен Әкелер күні болып бекітілді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook