Елена Рыбакина Римдегі турнирдің финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 20-ракеткасы, 2017 жылғы Ролан Гаррос жарысының чемпионы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде латвиялық, біреуінде қазақстандық теннисші жеңіске жеткен еді.

Елена Рыбакина ойынды брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:1. Содан кейін өзі доп берген тартысты геймде төртінші сетболын пайдалана алды – 6:2. Екінші партияда латвиялық теннисші алға кетті – 2:0. Жаңбыр жауып кетуіне байланысты есеп 4:2 болғанда, бәсекеде үзіліс болды. Үзілістен кейін Е.Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға кетті – 5:4. Сосын екінші матчболын құр жіберген жоқ – 6:4.

Бір сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина алты эйс жасап, тоғыз брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Е.Остапенко жеті эйс, бір брейкпен (төрт брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша қазақстандық теннисші өз спорттық жолында алғаш рет Рим мастерс жарысының финалына шықты.

Елена Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салады. Ол жартылай финалда әлемнің 12-ракеткасы, ресейлік Вероника Кудерметованы жеңді – 7:5, 5:7, 6:2.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент Александр Лукашенконың Қазақстан туралы мәлімдемесіне пікір айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенконың сөзіне пікір айтты.

Президент Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды.

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 1 маусымға арналған бағамын белгіледі.

Қазақстанда тиімсіз тыйымдарға қарсы петиция басталды  

Tastau.qaz қоғамдастығының негізін салушы, журналист Татьяна Фоминова вейпке тыйым салу сияқты жұмыс істемейтін түзетулерді заңға енгізудің орнына қолданыстағы заңнаманы реттеп, сол арқылы мәселені шешуді үндейтін петицияны бастады.

Президент бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинді қабылдады

Мемлекет басшысы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинді қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылады

Бүгін, 1 маусымда еліміздің барлық мектебінде оқу жылы ресми түрде аяқталады. Білім ошақтарында салтанатты жиын өткізу жоспарланған.