Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы рейстер жиілейді

Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы ұшу рейстері жиілейді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

ИИДМ азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп, халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

2023 жылғы 23 мамырдан бастап Fly Arystan авиатасымалдаушысы Airbus – 320 үлгісіндегі әуе кемелерімен аптасына екі рейс жиілігімен (сейсенбі, сенбі) Астана — Анкара бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр. Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматы жылу желілерінің жаңа басшысы тағайындалды

Алтай Рахымбетов «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды. 

Автокөлікке VIP-нөмірді онлайн таңдауға болады

Былтыр автокөлік иелері шамамен 6 миллиард теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Президент: Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді

Президент 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады.

Президент саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығына барды

Президент ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

«Зияны аз әрі қоқыс шықпайды»: ASUS Zenbook S 13 OLED ноутбугының несі тиімді?

ASUS дүниежүзіндегі ең жұқа әрі жеңіл нотубуктың бірі, экологияға зияны әлдеқайда аз, кез келген жерде қолдануға болатын Zenbook S 13 OLED (UX5304) ноутбугын шығарды.

Қазақстандық фотографтар HUAWEI P60 смартфоны сериясына Алматы көрінісін түсірді

Huawei компаниясы танымал қазақстандық фотографтардың Алматы бейнеленген мобайл суреттер көрмесін таныстырды. Авторлар барлық фотоны P сериясының флагмандары - HUAWEI P60 және HUAWEI P60 Pro смартфондарына түсірген.