Елена Рыбакина Римдегі турнирде жеңіске жетіп, әлемнің төртінші ракеткасы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римдегі турнирдің жеңімпазы атанды.

Елена Рыбакина Италияның астанасы Римдегі WTA 1000 турнирінің финалында әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен ойнады.

Елена Рыбакина бірінші сетте 6:4 есебімен ұтты, екінші сетте қазақстандық теннисші 1:0 есебімен алға шыққанда, Ангелина Калинина ойынды жалғастырудан бас тартты. Осылайша қазақстандық теннисші чемпион атанды.

Бұл — Елена Рыбакинаның биылғы екінші титулы. Ол наурызда Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирде жеңіске жетті.

Елена Рыбакина Римдегі турнирдің финалындағы жеңісінен кейін әлемнің төртінші ракеткасы атанды.