Басты бет / Жаңалықтар /
Ауа райы, күн ашық
Фото: Markinternational.info

8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Батыс Қазақстан, Атырау, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болып, 15-20 м\с жел соғып, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында екпіні 23-28 м/с-ге жетеді.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында түнде 2 градусқа дейін үсік жүру қауіпі күтіледі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook