Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ақмола облысында 3 теміржол вокзалы жөндеу жұмысынан кейін ашылды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Не болды?

Ақмола облысында үш теміржол вокзалы жөндеу жұмысынан кейін ашылды. Қазір тағы 16 вокзалда жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Көлік министрлігінің мәліметінше, Ақмола облысында үш теміржол вокзалындағы жөндеу жұмысы аяқталды. Қазір жолаушыларға пайдалануға берілді. Вокзалдар Шортанды кентінде, Макинск пен Ақкөл қалаларында орналасқан.

Аймақтағы нысандардың жаңарту туризм мен бизнесті дамытуға, инвестиция тартуға ықпал етеді. Вокзал қауіпсіз, жайлы әрі қолжетімді. Ғимараттардың қасбеті мен ішкі бөлмесі, инженерлік желілері жаңарды. Сонымен қатар күту залындағы навигация жүйесі жетіліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен баласы бар жолаушы үшін ыңғайлы жағдай жасалды, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматы вокзалында жолаушыларға тиісіп, ақша тапқан азаматтар жазаланды.

Мақалаға реакция