Атырау облысында бір аптаға телеарналар өшіріледі

Аймақтағы 8 елдімекенде уақытша телевидение көрсетпейді, — деп хабарлайды «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі.

Хабарламада техникалық құралдар «Қазақстан Республикасы сандық телерадио хабарларын тарату ұлттық желісі» жобасын жүзеге асыру аясында өшірілетіні туралы жазылған.

«Қазақстан Республикасы сандық телерадио хабарларын тарату ұлттық желісі» жобасын жүзеге асыру аясында Атырау облысының радиотелеарналық стансаларында (РТС) аналогты эфирлік телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарын өшіру жұмыстары жүргізіледі», – деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі.

Телеарналар 4 және 5 қыркүйек күндері Мақат кентінде, 6-сы — Құлсары, 7-сі — Зинеден, 8-і — Жаңаауыл, 9-ы — Индербор, 10-ы — Қаракөл және Миялы, 11-ы — Сағыз кентінде сөндіріледі.

Айта кетейік, телеарналар Астана уақытымен 9-дан 10-ға дейін өшіріледі.

Дереккөзatr.kz