Маңғыстау облысында су тұщыту зауыты салынады

Бүгін Маңғыстау облысына ресми сапармен «BeltWay Group Limited» компаниясының директоры Әли Мохамад пен «Астана Қызмет-КЗ» ЖШС директоры Болат Ыдырысбаев, «SafBon Water Service (Holding) Inc.»  мекемесінің бас менеджері Ванг  Ксиан келді. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әлемдік деңгейде түрлі сала бойынша қызмет көрсетіп жүрген «BeltWay Group Limited» компаниясының директоры Әли Мохамад су тұщыту зауытын салу жобасына озық технологияларды пайдаланатынын айтты.

Су тұщыту зауытында қорек көзі ретінде газ-турбиналық электр станциясы пайдаланылмақ. Қуаттылығы күніне 80 мың куб метр болады.

Айта кетейік, тұщытылған су зауыты «ӨзенМұнайГаз» АҚ, Жетібай, Құрық ауылдары мен Ақтау, Жаңаөзен қалаларын қамтамасыз етпек.

ДереккөзEgemen.kz