Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтың қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетеді, – деді министр.
Министрліктің мәліметінше, ведомство басшылығы қаза тапқан полиция қызметкерінің отбасына заңнамаға сәйкес барлық қажетті әлеуметтік қолдау мен көмектің толық көлемде көрсетілуін қамтамасыз етеді.
