Басты бет / Жаңалықтар /
Университет, ЖОО, студенттер
Иллюстрация: Dribbble.com/©Folio Illustration Agency

Қазақстанда алғашқы ЖИ университеті ашылады

Қазақстанда биыл жасанды интеллект саласына маманданған алғашқы зерттеу университеті – Qazaq AI Research University ашылады. Жаңа ЖОО-ның жұмысын шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек таныстырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Министрдің айтуынша, жаңа жоғары оқу орнында білім алуға мемлекеттік грант бөлінеді. Алғашында университетке 500 студентке дейін қабылдау жоспарланған. Оқу бағдарламасында бакалавриат пен магистратура болады. Бакалавр бағдарламасында студент төрт жыл, магистранттар екі жыл білім алады.

Университет бастапқыда шағын форматта жұмыс істейді. Жоба пилот негізде іске қосылып, алғашында бірнеше ғана білім беру бағдарламасы болады. Оқу орны Біріккен Араб Әмірліктері, Қытайдың Шанхай қаласы және АҚШ-тың жоғары оқу орындарымен серіктестік орнатады, — дейді Саясат Нұрбек.

Министр жаңа университетте білім беру жүйесі жасанды интеллект технологиясына негізделетінін айтты. Оның айтуынша, бұл – әлемде енді қалыптасып келе жатқан заманауи білім беру үлгісі.

Оқу бағдарламасы барынша тәжірибеге бағытталады. Студенттер жасанды интеллектіні экономиканың әртүрлі саласында қолдануды меңгереді. Сонымен қатар киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады. Негізгі мақсат – ауыл шаруашылығы, энергетика және көлік саласына жасанды интеллектіні тиімді енгізе алатын білікті маман даярлау, – дейді министр.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram