Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанда жарты жыл бидай импорты шектеледі

©inform.kz

Не болды?

Қазақстанда автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы жарты жыл бидай импорты шектеледі. Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден де бидай әкелуге шектеу қойылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«Ашық НҚА» порталындаға мәлімет бойынша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің елге автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы бидай импортын алты айға шектеу жайлы бұйрығы жарияланды. Бұл — 2026 жылғы 26 маусымда өткен сыртқы сауда саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде әзірленген бұйрық жобасы.

Уақытша шектеу енгізу Қазақстандағы бидай өндіруші кәсіпорындарды қолдауға және астықтың тұрақты сатылуын қамтуға ықпал етеді. Алайда Қазақстан жері арқылы өтетін теміржол транзитіне және республика аумағы арқылы ЕАЭО елдеріне жөнелетін астық тасымалына шектеу қойылмайды, — делінген хабарламада.

Министрлік бұл бұйрықты қабылдау әлеуметтік, экономикалық немесе құқықтық тұрғыдан зиян келтірмейтінін хабарлады.

Контекст

Естеріңізге салайық, Ақтөбе, Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарына Ресейден келген 200 тоннадан астам астық карантиндік, фитосанитария талабына сай емес. Оның 128 тоннасы кері қайтарылды. 

Мақалаға реакция